Адамның басына келетін ең үлкен нәрсе деп ойлансақ не келер еді ойыңызға. Сіз бірінші кішкене ойлансаңыз мен содан кейін жазсам.
Негізі, ең үлкен нәрсе ол адам қайтыс болғаннан соң болатын нәрсе. Біз осы өмірден өтуді аз ойланамыз, көп уақытта осы өмірмен шектеліп қаламыз. Осы өмірді ойланамыз, қолымыздан бір нәрсе келетін секілді. Ойланып қараңыз, біз анамыздың құрсағынан осы уақытқа дейін ойландық па қалай рызығымыз алдымызға келді екен деп; бәлкім ойланған шығармыз, бірақ жауапты өзімізге байласақ қателескен боламыз, себебі бар нығметті беруші Алла Тағала. Алла Тағаланың Рәззақ есіміне тіл тигізбеуге тырыссақ жақсы болады. Ар-Рахман сүресінде 78 аяттан 31 аятында "Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?" деп айтылады. Осылай көп кездесуі, бұл аяттардың маңыздылығын білдіреді. Және өзімізге еске салу деп те қабылдасақ болады. Мысалы, ертеңгі күн деп уайымға түсуіміздің ешқандай қайыры жоқ, егер ойлансақ Алла Тағалаға сеніміміздің әлсіз болғаны. Тағы осылай ойланатын түріміз бар: үйленсем содан кейін үй, жұмыс мәселесі не болады деп; анамыздың құрсағында жатқанда тамағымызды ойландық па ағайын. Барлық нәрседе Алла Тағалаға тәуекел керек, бір де кәміл бір тәуекел: оқуда, жұмыста, отбасы нәпақасында және ойланып, уайымдайтын әрбір нәрсемізде. Тағы бір еске салып кетейін, егер ойланып, толғанып жатсақ иманымыздың әлсіздігінен!!! Ешнәрсені уайымдамайық (көп нәрсені шешетін секілді; біз ертең алдымызда не күтіп тұрғанын білмейміз, СОЛ үшін бір Алла Тағалаға тәуекел және оны ғибадатпен күшейте түсу), барлық нәрсені Алла Тағалаға тапсырайық, Алла Тағала бізге ең дұрысы не болатынын жақсы біледі. Тәуекел және шүкір еткен сайын, рызық берекет арта түсетінін де есте сақтағанымыз жөн.